Қазақстан Республикасындағы Shineray автокөліктеріне базалық кепілдік
3 жыл немесе 60 000 км (қайсысы бұрын орындалса) құрайды.
Іштен жану қозғалтқышы мен механикалық беріліс қорабына берілетін ұзартылған кепілдік
3 жыл немесе 100 000 км (қайсысы бұрын орындалса).
Shineray компаниясы өндіруші кінәсінен туындаған автокөліктің сапа ақауларын (егер кемшілік өндіріс технологиясының бұзылуы немесе сапасыз материалдарды қолдану салдарынан болса) автокөлікті пайдалану, қызмет көрсету, күтіп ұстау және сақтау талаптары сақталған жағдайда
тегін жоюға кепілдік береді.Кепілдік мерзімі ішінде иелері Shineray автокөліктерін дұрыс пайдаланып, жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден (ТО) уақытылы өтіп, оның жүргізілгені туралы жазбаны
“Пайдалану жөніндегі нұсқаулық” және “Сервис кітапшасы” талаптарына сәйкес рәсімдеуі тиіс. Сервис кітапшасындағы техникалық қызмет көрсету туралы жазбалар кепілдік қызмет көрсетуді алу үшін міндетті болып табылады.
Кепілдік міндеттемелерінің негізгі шарттары:- Автокөліктерді Қазақстан Республикасындағы Shineray ресми дилерлік желісі арқылы сату, сондай-ақ сервис және кепілдік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының аумағында жүргізу.
- Жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді (ТО) Shineray ресми дилерлерінде уақытылы және тұрақты өту, оның ішінде кузовтың лак-бояу жабынын тексеру.
- Сервис кітапшасының болуы. Егер ол жоғалған немесе бүлінген болса, ресми дилерге жүгіну қажет.
- “Пайдалану жөніндегі нұсқаулық” және “Сервис кітапшасында” көрсетілген пайдалану және қызмет көрсету талаптарын сақтау.